Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызметке орналасу үшін конукрстық іріктеудің алғашқы сатысындағы тестілеуге жыл сайын 4500-ге жуық адам қатысады. Өткен жылы бос мемлекеттік лауазымдарға орналасуға арналған 2647 конкурс өткізіліп, оған қатысқан 1961 үміткердің 1277-сі мемлекеттік қызметке орналасқан. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің қорытындысына арналған брифингте айтылды, -деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.
БАҚ өкілдеріне берген департамент басшылығының мәліметінше Көкшетау қаласы жер қатынастары бөлімінің бас маманы өзіне тағайындалған тәртіптік жазамен келіспейтіні туралы өтініш берген. Жүргізілген тексеріс нәтижесінде түсініктеме талап етпестен жазаға тартылатындығы белгілі болды. Содан соң бұйрықтың күші жойылып, мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілген.
Осыған ұқсас жағдай Шортанды ауданында тіркелген. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы тәртіптік жаза қолдану ережелерінің бұзылғанын айтып шағымданған. Тексеріле келе қызметкерді жазалау бұйрығы алынып тасталған.
Департамент басшысы Берген Беспалинов қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған іс шаралар жүргізілуде.
Бүгінгі таңда пилоттық режимде стратегиялық кадрлық жоспарлауды енгізу іске асырылып, жетекші оқу орындарының білімберу бағдарламаларына «HR managent» инновациялық мамандығын енгізу мәселесі қаралуда.