spot_img
Сейсенбі, Желтоқсан 16, 2025
-11.8 C
Kokshetau

Көкшетауда 17 көшенің атауы өзгертіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласында 17 көше ұлтымызға танымал тұлғалардың есімдерімен аталатын болады, – деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агеттігі «Қазақ» радиосына сілтеме жасап.

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы тілдерді дамыту ономастика бөлімінің басшысы Айгүл Талпақованың айтуынша, ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес, Көкшетау қаласының бірқатар көшелеріне Қасым Қайсенов, Әміре Қашаубаев, Талғат Бигельдинов, Сағадат Нұрмағамбетов, Мұстафа Шоқай, Кәкімбек Салықов, Тұрсынбек Кәкішев, Рақымжан Қошқарбаев, Ермек Серкебаев, Нұрғиса Тілендиев, Әлкей Марғұлан, Шәмші Қалдаяқов, Халифа Алтай, Сәбит Мұқанов, Еркеш Ибрагим, Әлия Молдағұлова, Ағыбай батыр есімдері беріледі.
Республикалық ономастикалық комиссияның қорытындысы бойынша бұл мәселе Ақмола облыстық мәслихатында қаралады. Шешім шыққаннан кейін әділет органдарында тіркеледі. Одан кейін 17 көше жаңа атауға ие болады. Жалпы Ақмола облысында 228 елді мекен мен 491 көшенің атауы идеологиялық тұрғыдан ескірген. Оларды қайта атауға байланысты ғылыми деректерге сүйене отырып түсіндіру жұмыстары жүргізілмек.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ҚР Үкіметінің қорытынды баспасөз конференцияларының сериясы басталды

2025 жылғы Үкімет қызметін қорытындылау аясында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Astana Hub алаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, энергетика...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика