spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
-0.2 C
Kokshetau

Есіл ауданының ауруханасы жаңа медицина жабдығымен толықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Есіл аудандық ауруханасына 73 миллион теңгенің медицина жабдығы сыйға берілді. Аудан ауруханасының ұжымына бұл жақсылықты жасаған Болат Өтемұратовтың қоры,- деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, қор директоры Марат Айтмағамбетов, Есіл ауданының әкімі Серік Балжанов, медицина қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты.

 -Аурухана  реанимобиль, хирургия бөлімшесі заманауи наркоз-тыныс алу аппараты және жансақтау бөлімшесі жаңа туған нәрестелерді қарқынды емдеуге арналған инкубатормен толығып отыр. Бұл аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасын арттырады, – деді Айна Мысырәлімова.

Біз науқастарды тасымалдау үшін заманауи реанимобильге мұқтаж едік. Енді біз Көкшетау мен Нұр-Сұлтан қалаларына медициналық көмектің жоғары деңгейі қажет патологиясы бар жүкті және ауыр жарақаттары бар науқастарды тасымалдай аламыз. Тасымалдау едәуір жылдамырақ жүзеге асып, дәрігерге қажеттінің бәрі қол астында болады, – деді аудандық ауруханасының бас дәрігері  Дастан Асанұлы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика