spot_img
Жұма, Мамыр 23, 2025
13.9 C
Kokshetau

Коронавирусқа байланысты ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Қазақстанда өтпейтін болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты коронавирустың өршуіне байланысты Қазақстаннан Өзбекстанға ауыстырылды. Бұл туралы «Р-Спорт» агенттігі Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) сайтына сілтеме жасай отырып жазды, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Федерация хабарына қарағанда, бұған дейін коронавирустың таралуына байланысты Қазақстан Үкіметі Қытаймен шектесетін елдерден жолаушыларға кіруді және шығуды шектеді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 ақпанда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың бірде-бір оқиғасы тіркелмегенін, бірақ ел билігі онымен күресуге дайын екенін мәлімдеді.

IWF атқарушы комитеті қалыптасқан жағдайды жедел түрде талқылап, жарысты Өзбекстанға көшіру туралы шешім қабылдады. Осылайша, ауыр атлетикадан Азия чемпионаты 16-25 сәуірде Ташкентте өтетін болды.

Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын Ухандағы белгісіз пневмонияның белең алуынан хабардар етті. Мамандар аурудың қоздырғыштарын анықтады – бұл жаңа коронавирус. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық маңызы бар төтенше жағдайды мойындады және ресми атауы – COVID-2019. Қытайда жұқтырғандар саны 70,5 мың адамнан асты, 1770 адам қайтыс болды, 10,8 мың адам емделіп шықты.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика