spot_img
Сенбі, Желтоқсан 13, 2025
-5.8 C
Kokshetau

Екі жасар қыз Facebook арқылы анасын өлімнен құтқарды

Сондай-ақ...оқыңыз

Англияның Пул қаласында екі жасар қыз өзінің ақылының және жылдамдығының арқасында анасын өлімнен құтқарып қалды. Бұл туралы Daily Mirror жазды,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

София Мизен өзінің 28 жастағы анасы Самантаның ұстамасы кезінде көмектеседі.
Қолына анасының смартфонын алып, саусағын экранға қойып, телефонды блоктан ашады. Содан соң София Facebook мессенджері арқылы әжесі Дебби Бейкерге видеоқоңырау шалады. Ол әжесіне телефон арқылы еденде жатқан анасын көрсетеді. Бейкер жедел жәрдем шақырады.
София төрт жасар ағасы Итанмен дәрігерлерді күтіп алады. Анасы ауруханаға жеткен соң ішек инфекциясымен бұрыннан ауыратын белгілі болады. Саманта емделіп, аман-есен үйіне келеді.
Мен Итанға мұндай жағдайларда не істеу керек екенін үйретіп қойғанмын. Сондықтан сол көмектесетін шығар деп ойлағанмын. Ағасына үйреткен кезде Софияның жаттап алатыны ойыма да келмепті, – деп жазды анасы Саманта.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика