spot_img
Жұма, Қазан 18, 2024
0.5 C
Kokshetau

Ерлан Нұрғалиевті өлтірді деген күдіктілер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Сондай-ақ...оқыңыз

Қарағанды облысында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты сот отырысы өтті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокурор Қуаныш Жексенбаев үш күдіктіні өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Прокурордың айтуынша, Берік Ахметов, Қайрат Ақшанов және Нұрлан Шүкілдіков жазасын Қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің төтенше жағдайдағы қауіпсіздік мекемесінде өтеуі керек.

Сондай-ақ, прокурор сотталушыларға 5 жыл уақыт аңшылықпен айналысуға тыйым салуды сұрап, әрқайсынан қорға өтемақы ретінде 30 АЕК өндіруді сұрады. Қылмыскерлердің сыбайластары – Берден Базаров, Батырбек Қайырбеков, Жарасхан Мырзабаев пен Айдос Әкімовті 6 жылға дейін бас бостандығынан айырып, жазасын Қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемесінде өтеуін сұрады. Одан бөлек, 5 жыл уақыт аңшылықпен айналысуға тыйым салып, 20 АЕК төлеуді міндеттеді.

Еске салайық, былтыр 15 қаңтарда елордалық № 1 ауруханасында «Охотзоопром»ӨБ» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының инспекторы қайтыс болды. Браконьерлер шабуылынан зардап шеккен инспектордың бірі Петр Ницык оқиға жайлы айтып берді. ҚР Ішкі істер министрлігі «Охотзоопром»ӨБ» инспекторын өлтірді деген мемлекетаралық іздеу жарияланған күдіктілердің суретін жариялады. Осы дерекке қатысты Қарағанды облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі («Кісі өлтіру, адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған») бойынша тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img