spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

850 мың теңге тұратын мүгедектер арбасының артықшылығы облыс әкімінің есепті кездесуінде талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың есепті кездесуінде мүмкіндігі шектеулі жандар мүгедектер арбасына қатысты бағасының қол жетімсіздігін айтып, көпшілік алдында талап тілектерін жеткізді. Әкім бұл мәселеге қатысты түсініктеме беріп, арбаны шығарушы зауыт тарапынан сұраққа жауап берілді, -деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Жиында облыс әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетауда отандық өнімнің шығарыла бастағанын жеткізді.

Қоларба жинау – өте күрделі жұмыс. Бұл жұмысты «Тыныс» кәсіпорны жүзеге асырып жатыр. Биыл ақмолалық 1400 мүгедекке мұндай арбаларды беру қарастырылуда. Қазір бұл бағытта қаражат жоспары талқыланып жатыр. Наурыз айында жоспар бекітіліп, зауытқа тапсырыс беретін боламыз.

«Мұндай бағаға тіпті, көлік сатып алып беруге болады!»,-деген тұрғынның сөзіне «Тыныс» кәсіпорнының бас директоры Қайрат Қалманбаев жауап берді.

Бұл серуендейтін электр қозғалтқышты мүгедектерге арналған арба. Оның салмағы 70 келі шамасында. Арба 15 және 30 шақырымға арналған екі аккумулятормен жабдықталған. Ал, жылдамдығы сағатына 6 шақырымды құрайды. Бұл арбалардың ең жоғарғы бағасы 850 мың теңге. Бұл шет елден импортталатын өнімдерден екі есе арзан. Бізге келіңіздер, бұл арбалардың заманауи мүмкіндіктерін көрсетіп береміз,-деді кәсіпорын басшысы.

Бүгінде облыста  500-ден астам  мүгедек осындай арбаларға мұқтаж. Кәсіпорын басшылығы Ресей, Қытай, еуропа елдерінен тасымалданатын арбалармен салыстыра келіп, отандық өнімді жасап шығаруға кіріскен. Былтыр алғашқы сынақ үшін жасалған екі арба мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін сыйға берілген болатын.

Әкімнің есептік кездесуінде қозғалған бұл мәселеге қатысты Ақмола облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының жетекшісі Дина Ахметжанова да өз пікірін білдірді.

Биыл біз республикалық бюджеттен қосымша 16 миллион теңге қаражатқа сұрау салдық, оған 1400 мыңнан астам қоларба сатып аламыз. Бұйыртса, биыл 1000 – нан астам мүмкіндігі шектеулі жан отандық өнімнің игілігін көреді,-деді басқарма басшысы.

Зауытта мүмкіндігі шектеулі ересектер мен балаларға арнап арбаның 9 түрін шығару жоспарланған.

 

Зауыт басышылығы атап өткендей, электр қозғалтқышы істен шыққан кезде арбаны қолмен итеріп жүруге де болады. Сондай-ақ, жинап автокөліктің жүк салғышына да салуға да болады. Қосалқы бөлшектерді де осы кәсіпорыннан алуға болады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img