spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Тұрғындарды әкімдер қабылдады

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау тұрғындарын жеке мәселесі және әлеуметтік істер бойынша облыс әкімі Ермек Маржықпаев пен қала әкімі Амангелді Смайлов  қабылдады. Әкімдердің қабылдауы  туралы алдын ала хабарландыру жүргізіліп, құлағдар етілген болатын, -деп хабарлайды Aqmola News aқпарат агенттігі.

Көкшетау мәдениет сарайында өткізілген өңір басшыларының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету шеңберінде қала тұрғындары әкімдерге өз мәселелерін жеткізді. Азаматарды қабылдаудың біріңғай күнінде облыс әкімінің орынбасарлары басқармалар мен департаменттердің, құқық қорғау органдарының басшылары бұқара халықпен емен-жарқын әңгімелесіп, мұң-мұқтажын тыңдады.

Әкім қабылдауына келген тұрғындар жер, үй, кәсіп ашу, шаруашылықпен айналысу, жұмысқа тұру, жәрдемақы мен әлеуметтік көмек беруге байланысты сұрақтарын қойып, әкімнің өз аузынан мәселелерінің шешімін білді.

«Мен 15 баланың анасымын. Көп балалы аналарға мелекетіміз көп қолдау көрсетіп жатыр. Сол себепті  мен де әкімшіліктен үй сұрап келдім»,-дейді Мұхамбетжанова Зухра.

Үй кезегіне тұрып, жылдар бойы қол жеткізе алмай келе жатқан алтын құрсақты ананың өтінішіне қала әкімінің орынбасары Сағындық Шабаров жауап берді:

Мұхамбетжанова Зұхра қала бойынша үй кезегінде 105-ші кезекте тұр. Бұл кісі алғашында зейнеткер ретінде кезекке тұрды. Бұрынғы кездері мүгедектер мен соғысқа қатысушылар, әлеуметтік көмекке мұқтаждарға біріңғай бағдарлама негізінде қызмет көрсетілді. Қазіргі таңда олардың әрқайсысының баспанаға мұқтаждығы жеке жеке категориямен қарастырылады. Осының нәтижесінде бұл кісіге батыр ана ретінде көктемде немесе осы күзде екі бөлмелі пәтер беріледі. Бұл пәтер жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы бойынша тапсырылады.

Мәди Айтжанов, тұрғын:

Мен «Ерекше өмір» аутизм ауруымен ауыратын балалар орталығының жұмысы бойынша келіп тұрмын. Бұл орталық ақыл-ой дамуында ауытқушылығы бар балалардың ата-аналарының өз есебінен құрылған болатын. Бүгінде Көкшетаудағы ақылы орталыққа 25-30 бала келіп тұрады. Дегенмен, қала бойынша бұл аурудың салдарын жойып, бала дамуына көмек бергісі келетін, осындай балалары бар ата-аналардың қарасы көбеюде. Сондықтан бұл орталыққа көп нәрсе қажет. Әкімшілік көмектескенін, осы орталыққа назар аударғанын қалаймыз.

Әкім қабылдауына кіріп бұл мәселені жеткізген Мәди Айтжановқа білім басқармасы басшылығы мен әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшілері алдағы күндері жан-жақты қарастырылып, тиісті жауап беретінін айтты.

Өңір басшыларының бірыңғай қабылдануына жалпы саны 300 ақмолалық тұрғын келіп, мәселелері жан жақты қарастырылды.

Азаматтарды тұрғын үймен қаматамасыз ету, оларға құрылыс жұмыстары үшін жер телімдерін беру, ауылшаруашылық саласына бағытталған кәсіпкерлікті дамыту, апатты баспана жағдайы, спортты дамыту сияқты мәселелермен келген тұрғындарға тиісті органдар тарапынан жан-жақты жауап берілді. Бұл мәселелердің жартысы сол жерде шешілді, ал қалған өтініштер өңір басшыларының бақылауына алынды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img