spot_img
Жексенбі, Қыркүйек 8, 2024
9.8 C
Kokshetau

Мемлекеттік қызметкерлер жұмысы үздік атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі жағынан бірінші орын алды, деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырысымен жүргізілген қоғамдық тексеріс қорытындысы бойынша, Ақмола облысы 5 мүмкіндіктен 4,92 ұпай жинады. Республика бойынша орташа ұпай – 4,73. Осылайша, облыс көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен осы мәселе бойынша азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейін жөнінен бірінші орын алды.

Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді көрсетуді талдау бөлімінің басшысы Данагүл Жұмабек бұл көрсеткішке ақмолалық мемлекеттік қызметкерлер тұрғындарға сапалы қызмет ұсынғанының арқасында қол жеткізді дейді.

«Көрсетілетін қызметтер сапасы ашықтылық, қолжетімділік, қолайлылық, қызмет ұсынушының клиентпен жұмыс істеу қабілеті бойынша анықталды», – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Марат Иғалиев өзінің Instagram-дағы парақшасында.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысының тұрғындары жергілікті атқарушы органдар көрсеткен қызмет сапасын жоғары бағалады.

Өткен жылы облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың тапсырмасымен осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілді. Соның нәтижесінде арнайы оқыту ұйымдастырылып, жұмыс барысы ашық әкімдік сервисіне көшірілді.

«Өңірде тұрғындарға әкімдік кедергісіз кеңістік арқылы қызмет көрсетіле бастады. Бұдан бөлек, өңірлерге шығу арқылы бақылау шаралары өткізілді. Күн сайын өтініштерді қарау мерзімінің бұзылуын алдын алу бойынша мониторинг жүргізіліп тұрады. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасады», – деп толықтырды Данагүл Жұмабек.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жетістікке апарар жол

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, «Жетістікке апарар жол» атты қазақ боксшысы, 2013 жылғы Азия чемпионы, Бүкіләлемдік...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img