spot_img
Жексенбі, Қыркүйек 8, 2024
9.8 C
Kokshetau

Көкшетауда жаңа нысандар салынбақ

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласы әкімі Амангелді Смайлов халық алдында есеп беру кездесуінде Көкшетаудағы құрылыс жұмыстары мен алдағы жоспарлар жөнінде айтты,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған қала әкімінің есеп беру жиында облыс әкімі Ермек Маржықпаев сөз сөйлеп, кездесуге Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Бақытжан Сәпиев қатысты.

«Өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Көкшетау қаласына келіп, биылғы жылдың қазан-қараша айында өтетін Қазақстан-Ресей өңіраралық форумына байланысты міндеттер жүктеп, жылу-электр орталығы құрылысын жүргізуге рұқсатын берді»,- деді қала әкімі Амангелді Смайлов.

Форумды өткізуге байланысты дайындық шаралары күшейтіліп, өтетін орны «Болашақ» сарайы» бой көтермек.

Қала бойынша тұрғын үй кезегінде 10 мың 243 адам кезекте тұр. Облыс орталығында тұрғын үй құрылысы қарқын алуда. Сарыарқа» шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар бой көтереді. Қазіргі таңда мұнда көп пәтерлі он екі тұрғын үй салынуда. Екі 40 пәтерлі тұрғын үйден 20 пәтер көп балалы отбасыларына беріледі деп жоспарланып отыр. Пәтерлер несиеге беріледі және арендалық баспана ретінде үлестіріледі.

Сарыарқа шағын ауданында 3 мектеп пен 9 балабақша салу жоспарланып отыр. Жаңа неке сарайы, кинотеатр, сауда орталығы мен спорт кешендері сондай-ақ емхана мен дүкендер желісінің құрлысы басталмақшы.

Биылғы жылы «Юбилейный», «Көктем» шағын аудандары мен «Нұрлы көш» ауылында салынатын балабақша құрылысы қолға алынады.

Көкшетаудағы №6 мектеп-лицейінің жанынан салынып жатқан қосымша ғимарат үш қабаттан тұратын болады. Қазіргі таңда екінші қабатының қабырғасы қалануда. Құрылысты жүргізіп жатқан мердігер компания «ДЕЛО ФБК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері ғимаратты келесі жылдың қыркүйегінде пайдалануға бермек.

Жобаның жалпы құны 716 миллион теңге. Жаңадан салынып жатқан 300 орындық қосымша ғимарат мектептегі үш ауысымдық мәселесін шешуге бағытталған.

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің жанынан салынып жатқан студенттерге арналған жатақхана да келер жылы жазда пайдалануға беріледі. Жеті қабаттан тұратын бұл ғимараттың төбесі жабылғаннан кейін жылу беріліп, ішкі әрлеу жұмыстары басталады.

Сонымен қатар, оқу орнының жанынан 2020 жылдың көктемінде Студенттер сарайының құрылысы бастамақ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жетістікке апарар жол

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, «Жетістікке апарар жол» атты қазақ боксшысы, 2013 жылғы Азия чемпионы, Бүкіләлемдік...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img