spot_img
Жұма, Қазан 18, 2024
10.2 C
Kokshetau

Күн энергиясы станциясы салынып жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Целиноград ауданында құны 30 миллиард болатын 100 МегаВатт күн энергиясы станциясының құрылысы жүріп жатыр. Бұл ақпаратты ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған есеп беру жиынында аудан әкімі Малғаждар Таткеев жеткізді,- деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Бұл жоба Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық 17- ші форумы аясында жүзеге асырылады. Бұл айтулы ірі жобаны іске қосу мақсатында Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаев пен «Avelar Solar Technology» компаниясының Бас директоры Игорь Шахрай арасында меморандумға қол қойылып, бекітілген болатын.

Қабанбай ауылында салынып жатқан күн энергиясы станциясының құрылысы үшін «Hevel Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қаржылай көмек көрсетті.

Станция іске асырылса, аталмыш жоба қоршаған ортаға парниктік газдардың тасталуын төмендетіп, жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 40 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Наурыз айында ресми ашылуы жоспарланған станцияда 30 адам жұмыспен қамтылмақ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img