spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола көктемгі су тасқынына дайын ба?

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда облыс әкімі Ермек Маржықпаев көктемгі су тасқынына байланысты өңірдегі жауапты мекемелердің дайындық шараларын тексеру мақсатында кеңейтілген жиналыс өткізді. Жиында аудандар мен қала әкімдерінің алдағы көктемгі тасқын жағдайына арналған дайындығы пысықталып, қажетті техникалардың жетіспеушілігінің алдын алуға шешімдер қабылданды,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Биыл Ақмола өңірінде қар көп түсті. Кейбір елді мекендерді қар басып қалып, облыс орталығымен байланысуы қиындады. Осыған байланысты мамандар кейбір елді мекендерде су басу қаупі жоғары екендігін растап отыр. Қардың мөлшерден көп түсуі аймақ басшыларын алаңдатып отырғаны жасырын емес.

Көктемгі су тасқынының салдарын жоюға облыстық бюджеттен 1 миллиард 59 миллион теңге бөлінген. Аудан әкімдіктері дайындық шаралары үшін 187 миллион 800 мың теңге қарастырған. Алайда Жақсы, Қорғалжын, Егіндікөл Аршалы, Астрахан, Бурабай, Егіндікөл, Ерейментау, Зеренді, Целиноград аудандарында бұл мақсат үшін қаржы жетіспеушілігі байқалды. Жиында облыс әкімі бұл аудан әкімдерінің жуық арада қаржы бойынша мәселені шешуді тапсырды.

«Көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарына байланысты 54 елдімекенде сақтық шаралары жүргізілді. 26,8 шақырым ұзындықтағы су ағызатын жыралар кеңейтілді. 17 шақырым қашықтықта уақытша су бөгеттері салынды, 5 шақырым өзен арнасы тазартылды, 41 су өткелдері жөнделд»і,- дейді облыстық ТЖД бастығы Алексей Советов.

Су тасқыны орын алған жағдайда жолдар мен көпірлердің шайып кетуіне жол бермеу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Республикалық «Көктем» акциясы аясында әскери бөлім қызметкерлерін жолдарды қардан тазарту шараларына қатыстыру да жоспарланып отыр. Дегенмен облыс әкімі көктем келіп аласапыран басталуына бір ай ғана қалғанын ескертіп, тасқынға қарсы тұратын жұмыстардың әлі де жеткіліксіз екендігін баса айтты.

Бүгінде елдімекендерден жалпы көлемі 170 мыңнан астам текше метр қар шығарылған. Алайда, ауа райын болжау мекемесінің мамандары тағы да қалың қар жаууы мүмкін екендігін ескертуде.

Ақпан айында ауа температурасының орташа көрсеткіші -15 градус, ал наурыз айында 8 градус төмен болады деп күтілуде. Сондай ақ, көктем ұзаққа созылуы мүмкін. Көктемнің ұзаруы су тасқынын бәсеңдетеді деген үміт те жоқ емес.

Облыс көлемінде10 гидротехникалық нысан апатты жағдайда деп танылса, 17-сіне жөндеу жұмыстарын жасау қажет.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img