Шортанды ауданынында өткен жылы «Қазақалтын Технологиясы ЖШС-нің DORA қорытпасында 1178 келі алтын және 1076 келі күміс өндірілген. Үдемелі индустриялық-иновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорын ауданның өндіріс көлемінің артуына тікелей әсер етеді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын БАҚ алдына баяндаған Гайдар Қасеновтың айтуынша аудандағы бір жылдағы өндірілген өндіріс көлемі 47,5 миллиард теңгені құрап отыр,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.
Ауданның әкімінің жуналистерге берген ақпаратына сәйкес, ауданның экономикалық дамуына «Полимер Пласт», «Тонкерис», «Белая лилия», «Turan Indastru», «Шортанды гранит» сияқты тағы басқа да жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер айтарлықтай үлес қосып келеді.
Айта кетерлігі аудан инвесторларды тарту арқылы жаңа өндіріс орнын іске қосу жұмысымен тұрақты айналысып келеді. Соңғы екі жылда Шортанды ауданының аумағында туризм және ауылшаруашылығы және өнеркәсіп саласына арналған 20 дан астам инвестициялық жобаны қолға алған. Соның нәтижесінде туризм жанданып, жол бойындағы қызметтер реттелген. Бұл жобалар құрылыс материалдарын шығарып, өсімдік өнімдерін көбейтуге бағытталып отыр.
Аудан әкімі жиын барысында 2020 жылы іске асырылатын жобаларды да айта кетті. Атап айтсақ Бозайғыр ауылында «Милк продукт» ЖШС-не Чехия мемлекетінен 100 бас асыл тұқымды мал әкелу жоспарланып отыр. Бұл бағыттағы жобаларға 250 миллион теңге қаражат жұмсалмақ. Бүгінде өңір бойынша 16шаруашылықта барлығы 1576 бас асыл тұқымды мал өсірілуде.
Өткен жылы 4,1 тонна ет, 14,9 тонна сүт өндірілген.
Әкім есебіне сәйкес ауылшаруашылығындағы өндіріс көлемі 21 миллиард теңгені құраған. Дегенмен 222 мың гектар алқапқа себілген дәннен былтырғы жылғы құрқақшылық салдарынан ауылшаруашылық өнімдерін өндіріп алу жұмысы ойдағыдай нәтижеге жете алмаған.
Айта кету қажет бөлінген жерді ұтымды пайдаланып, бос жатқан жерлерді халық игілігіне жарату да аудан жұмысының күн тәртінде тұрған мәселесі.
Сонымен қатар арнайы комиссияның жүргізген тексеріс қорытындысында жерді дұрыс пайдаланбаған серіктестіктердің салғырттығы белгіленіп, 8,8 мың гектар алаңда заң бұзушылықтар анықталған.
Аудан әкімі Гайдар Қасенов былтыр орта және шағын кәсіп бойынша 255 жаңа жұмыс орны пайда болғанын жеткізді. 37 адам микронесие алып, өз кәсібін бастап та кеткен.
Былтырғы жылмен салыстырғанда ауданның құрылыс саласында біршама алға жылжушылықты байқауға болады. Жыл басында 9,3 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген.
Бір қуанарлығы биылғы жылы республикалық бюджеттен 200 миллион теңге Тонкеріс станциясында 140 орындық балабақшаның құрылысы басталмақ. Сонымен қатар бірқатар мектептер, мәдениет үйлері, амбулаториялар күрделі жөндеуден өткізіледі.