spot_img
Сейсенбі, Қыркүйек 17, 2024
1.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында Абай жылы жоғары деңгейде мерекеленеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында даңқты Абайдың 175 жылдық мерейтойына байланысты жыл аяғына дейін 1100 шара ұйымдастырылмақ. Облыс көлімінде 21 қаңтардан бастап бүгінге дейін 145 іс-шара өткізіліп үлгерген, – деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Қазақ даласының асыл перзенті, ғалым, философ, ағартушы Абайдың 175 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары таныстырылды. Өңірлік комуникациялар қызметінде билік өкілдері мен жоғарғы оқу орындарының ұстаздары журналистерге Абай жылын мерекелеуге арналған жұмыс жоспарын мәлімдеді.

Облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова: «Ұлы Абай мұралары қаншама ғасырлар өтсе де, өз мәні мен маңызын жоғалтпай, замана көшімен ілесіп, бүгінгі жас ұрпақты еңбекке, білімге, болашаққа ұмтылдыруға жетелейтін қағида іспетті. Біз Абай мұрасы арқылы мәдениет пен өркениеттің биік сатысына қол жеткіземіз»,- деді.

Одан кейін облыстық білім басқармасының орынбасары Ботагөз Дүйсенова жасөспірімдер мен оқушылар арасында , білім ошақтарында жоспарланған іс-шаралармен таныстыра келіп, Көкшетау қаласындағы № 3 дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына Абай Құнанбайұлының есімін беру үшін тиісті органдарға өтініш берілгендігін жеткізді.

Мәдениет, архивтер құжаттамалар басқармасының басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Бекназарова: «Облыстағы мәдениет ошақтары мен театрлар, музейлер, өнер ордаларының барлығы дерлік Абай жылын тойлауға ат салысады. Осы дата қарсаңында фестивальдер мен концерттер, мүшайралар мен ақындар айтысы өткізіледі. Хәкім Абайдың тереңін бойлау мақсатында түрлі байқаулар ұйымдастырылады»,- деп хабарлады.

Жиында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен Абай Мырзахметов атындағы Жоғары оқу орнының ұстаздары да арнайы сөз алып, 3 мыңға жуық студент жұмылдырылатынын айта келіп, білім шаңырағында қолға алынып жатқан шаралардың негізгілерін атады.

Шоқан Уәлиханов атындағы университетте «Адамзаттың Абайы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. Оған Ресей мен Белоруссиядан ғалымдар келіп қатысады. Сонымен қатар оқу орнында филология факультеті жанынан Абай кабинеті ашылып, ғалымның туған

жеріне Семей қаласындағы Абай мұражайы мен Абайдың Жидебайдағы мұражай үйіне белсенді студеттердің саяхаты жоспарлануда.

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде де ауқымды іс-шараларды өткізу қолға алынбақ. Оқу орнында «Студенттік көктем» атты ғылыми-практикалық халықаралық конференция Абайдың 175 жылдығына арналмақ.

Адамзаттың Абайына айналған дана Абайдың еңбектерін, қара сөздерін аудиоформатта жасап шығару да қолға алынбақ. Көкшетаудың көрнекі орындарына ғалымның ұрпаққа қалдырған өсиеті, қара сөздері, өлең үзінділері жазылған билбордттар ілу де қарастырылмақ.

Еске сала кетсек, Ақмола облысы бойынша 140 көше мен 3 мектеп және Абай атындағы 3 елдімекен бар. Степногорск қаласында Абай бюсті орнатылған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Акушер – медбике Жанат Әділова денсаулық сақтауға 40 жыл өмірін арнады

СҚО Айыртау ауданы Сырымбет орта мектебінің медбикесі Жанат Әділова 1976 жылдан бастап өмірін медицинаға арнады. Акушер, медбике және өз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img