spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 7, 2025
18.2 C
Kokshetau

Үкіметтік емес ұйымдарға гранттар берілмек

Сондай-ақ...оқыңыз

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен елімізде үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын дамыту мақсатында әлеуметтік жобаларға мемлекеттік арнайы гранттар бөлетін болды, – деп хабарлайды Aqmola news ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақмола облысының қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің өкілдері қатысқан семинар жиында мәлім болды. Арнайы үкіметтік емес ұйымдар үшін бөлінетін мемлекеттік гранттар конкурстық тәртіпте жүзеге асырылмақ. Жиынды жүргізген «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес ұйымы мемлекеттік гранттардың азаматтық қоғам институттардың әлеуетін әлеуметтік саланы дамытудағы өзекті мәселелерді шешу, сонымен қатар азаматтық бастамаларды қолдау мақсатында жүзеге асырылып отырғанын атап өтті.

«Бұл Мемлекеттік гранттар қоғамға пайдасын тигізіп үлгерген, белсенді, нақты мақсаты бар үкіметтік емес ұйымдарға берілмек»,-дейді мекеме менеджері Құралай Жақсыбергенова.

Аталған байқау 2019 жылдың 29 желтоқсанында басталған. Ал өтінімдерді қабылдау осы жылдың 22 қаңтарына дейін жалғаспақ. Жиын барысында Үкіметтік емес ұйымдардың мүшелеріне бөлінетін грант байқауына қатысу үшін құжаттарды толтыру реті, өтініш берудің талаптары мен міндеттері туралы толығырақ мәлімет берілді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысындағы су тасқыны жағдайы бақылауда

Қазіргі уақытта Бұланды ауданында су тасқыны шыңы төмендеуде. Азаматтық қорғау күштері су тасқыны салдарын азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img