spot_img
Дүйсенбі, Қыркүйек 23, 2024
10.2 C
Kokshetau

Біржансал ауданында Біржан сал мұражайы ашылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Сал Біржан бабамыздың есімін иеленген өңіріміздің өнеркәсіптік аудандарының бірінде кедейшілік азайып келеді, – деп хабарлайды Aqmola news ақпарат агенттігі. Бұл туралы журналистермен өткен брифинг барысында Біржансал ауданының әкімі Ермек Нұғыманов мәлім етті.

Аудан әкімінің берген деректеріне сүйенсек ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 23,4 миллиард теңгені құраған. Бұл негізінен осы аудандағы аса ірі «Өркен-Атансор», «Семізбай U» және «Көкше Цемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері арқылы мүмкін болған.

Дегенмен былтырғы жылы біржансалдықтар үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі айтарлықтай төмендеген.

Өткен жылғы ауа райы жағдайларына байланысты дәнді-дақылдардың шығымы төмен болды. Диқандар үшін қолайсыздықтар қылаң бергенімен, шаруалардың тынбай еңбектенуінің арқасында 149 мыңнан астам дәнді-дақылдарды күзгі жауын-шашынға қалдырмай жиып алдық, – дейді Ермек Бекенұлы.

Мал шаруашылығында да аудан қарқыны көңілге қонарлық. Статистикалық деректермен сөйлесек ірі қара саны 33 489-ға жетсе, жылқы 11844, қой-ешкі 30935-ке дейін артып елдің еңсесін көтеруге септігін тигізген. Осылайша Астана маңында азық-түлік белдеуін жүзеге асыруда біржансалдықтар 4,1 мың тонна ет, 20,1 мың тонна сүт, және 294 миллион дана тауық жұмыртқасын өндірген.

Мұнымен қоса біржансалдық кәсіпкерлер «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасының көмегімен мал басын асылдандыруға да баса назар аударыпты. Біржансалдық бес ірілі-ұсақты кәсіпкерлер қазақтың ақбас сиыры, ангус, герефорд сияқты 313 бас ірі қара мал сатып алған.

Ауыл шаруашылығымен қатар өңірде инвестиция, құрылыс, сауда-саттық басқа да салалар да қарқынды дамығаны байқалған. Ауданның өзге өңірлерден тағы бір ерекшелігі біржансалдықтар тазалыққа аса зор мән беруден бастаған. Аталған мақсатта барлық елдімекендерге 480 контейнер орнатылып, ауылдарда тазалық сақталуы талап етілген.

Біздің ауданда кедейлік шегінен төмен тұратын бірде-бір отбасы жоқ. Өткен жылғы есебімізге сәйкес «Еңбек» бағдарламасымен 484 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздардың үлесі небары – 1,9 пайызды құрады, – дейді аудан әкімі.

Былтырғы жылы ауданда ән өнерінің бастауында тұратын шоқтығы биік тұлға Біржан салдың 185 жылдық торқалы тойы жоғары деңгейде өткізілді. Бұл шараға Респуликаның түкпір түкпірінен айтулы өнерпаздар атсалысып, ойын-сауық жиындары ұйымдастырылды.

«Ауданымызда тұңғыш Біржан сал бабамызға арналған мұражай ашылады»,-деп сүйіншіледі әкім өз сөзінде. – Қазір ескі ғимаратты жөндеп, қалыпқа келтірудеміз, мұражайға сал Біржанның домбырасы мен шапанын, үкілі бөркінің үлгісін қоямыз деп жоспарлаудамыз. Басқа да жәдігерлер болады. Ақын, әнші, сал Біржанға арналған кітаптар мен еңбекбектерді де мұражайымыздан көре аласыздар,-деді Ермек Бекенұлы.

Ауданның келер жылға жоспарлаған істері де журналистердің құлағына жағымды естілді. Атап айтқанда, аудан орталығы Степняк қаласында 21 пәтерлі үш бірдей тұрғын үй салыну жоспарланған. Сондай-ақ көптен бері ауыз судың зардабын тартып келген Аңғал батыр, Үлгі ауылдарында су құбырларын қайта жаңғырту көзделіп отыр. Сондай-ақ, Үлгі ауылындағы орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде күн тәртібіне енгізіліпті.

Жиын барысында тілшілер қауымы аудандағы алдағы жылы атқарылатын ауқымды тірліктер жайлы сұрақтарын қойып, әкім аузынан көңілге қонатын жауаптарға қанықты.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау жастары «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысты

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы»  Көкшетау қаласы, «Кіші амфитеатр» маңында республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясын өткізді. Бүгінде бүкіл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img