spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Вернадский көшесіндегі тұрғын үйдің тағдыры не болмақ?

Сондай-ақ...оқыңыз

Естеріңізге сала кетсек, өткен сенбіде бір-ақ сәтте көкшетаулық 90 отбасы тұрғын үй ғимаратының апатты жағдайда болуына байланысты өз пәтерлерінен айырылып қалған еді. Аталған мәселе бойынша №12 мектепте қала әкімі Амангелді Смаилов қала тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.

Қала әкімімен кездесуге апатты жағдайда тұрған үйдің барлық тұрғындары жиналды. «Баспанамыздан айырылып далада қаламыз ба?» деген ауыр ой мазалаған халық әкімді бірден толассыз сұрақтармен қарсы алды. Пәтер иелерінің бірі тұрғын үй ғимаратының 2012, 2017 және 2019 жылдары-ақ апатты жағдайда деп танылғанын әрі сараптама қорытындысы ғимаратты бұзу қажеттігі көрсетілгенін айтып шағымданды. Оған әкім сараптама қорытындысының әрбіреуінде оны сүрусіз тұрғын үйді бекіту бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасау көрсетілгені жөнінде атап өтті.

Ғимараттың апатты болуының негізгі себебі тұрғын үйдің астынан ағып жатқан жерасты өзені жерді шайып өтіп, салдарынан ғимарат шөге түскен. Пәтер иелерінің бірі Еленаның айтуынша, тұрғын үй ең соңғы рет 1995 жылы бекітілген.

-Ғимараттың айналасына ор қазылып, тіреуіштер қағылды. Алайда істі аяғына дейін жеткізбей тіреуіштер нық бекітілмегендіктен ғимараттың жартысы одан сайын шөге түсті. Бұл үйіміздің қабырғаларының қақырап түсу қаупін туғызды – дейді ол.

Тұрғындар өз шағымдарында үйдің жертөлесі жөнінде де атап өтті. Қазіргі сәтте жертөле толығымен судың астында қалған. Пәтер иелері ғимарат іргетасын да су шайып кеткен деп топшылайды.

Алдымыздағы үш аптада тұрғын үй қайтадан толық сараптамадан өткізілмек. Арнайы комиссия отырысында жиында аталып өткен барлық фактілер ескеріліп, одан кейін ғимараттың тағдыры біржолата шешілетін болады.

Тұрғындар өз кезегінде үйдің апатты күйде деп танылуы мәселесінде әлі күнге дейін соңғы нүкте қойылмауына алаңдаулы. Сонау 2012 жылдары

мәселелер пайда болып, ғимараттың апатты жағдайда екені белгілі болған. Тұрғындар үйді биліктің жөндеп беретініне шүбәмен қарайды. Тіпті, тұрғындардың өздері үйді жөндеуге мәжбүрлеуі де ғажап емес деп есептейді. Амангелді Смаилов тұрғындарды сабырға шақырып, тұрғын үй ғимаратының соңғы сараптамасын күтуді өтінді. Ал сараптама қала бюджеті есебінен жүргізілетін болды.

Қала басшысы аталған жағдайды соңына дейін талдап, істі аяқтауға ниетті екенін жеткізді. Егер үйді сүрусіз қалдыру мүмкін болса, онда тұрғындарды ғимаратты бекіткенше басқа пәтерлерге уақытша қоныстандыру мәселесін шешу қажет болмақ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img