spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Бақытжан Жұмағұлов Ақмола өңірінде болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов Ақмола өңірінде болып бірқатар нысандарды аралап көрді. Сенатор өңірдегі білім беру және денсаулық сақтау деңгейінің жай-күйіне баса назар аударды, – деп хабарлайды Aqmola news ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, Бурабай ауданында болған сенатор Ақылбай ауылындағы орта мектепке ат басын бұрып, білім ордасының бүгінгі хал-ахуалын көзімен көрді.

Бұдай кейін Парламент депутаты Көкшетау қаласындағы іргелі жоғары оқу орындары Шоқан Уәлиханов және Абай Мырзахметов атындағы университеттерде болып, аталған оқу орындарының ұстаздарымен кездесті. Сенатор жақында ғана күшіне енген «Мұғалім мәртебесі» туралы заңның ерекшеліктеріне тоқталды.

-Жаңа заң мұғалімдердің жүктемесін азайтуға бағытталған. Бұл ұстаздарымыздың шығармашылғын және өзін-өзі дамытуға мол мүмкіндік бермек, – деді Бақытжан Жұмағұлов.

Жаңа заңға сәйкес мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға ұлғайып, сонымен қатар сынып жетекшілігі үшін төлемақы екі есеге дейін көбеймек. Сондай-ақ, ендігі кезекте заңға сәйкес ұстаздарды мерзімді баспасөзге жазылуға күшпен мәжбүрлеу заңмен қудаланатын болады.

Елімізде өзекті болып отырған аса маңызды мәселе өскелең ұрпақты тәрбиелеу. Ол үшін ең бірінші кезекте жақсы ұстаздар ауадай қажет. Бұл орайда болашақ ел тізгінін ұстайтын мамандар тәрбиелеп шығаратын сіздерге зор міндет жүктеліп отыр, – деді сенат депутаты.

Сапар барысында депутат облыс орталығындағы Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасы жанындағы «Жүрек орталығының» және Көкшетау қалалық емханасының жұмысымен де танысты.

-Орталықта кардиохирургиялық, кардиологиялық және оңалу орталықтары жұмыс істеп тұр. Рентген эндоваскулярлық хирургия кабинеті, операциялық блок, жансақтау палатасы бар анестезиялық қызмет түрлері жасалады. Бүгінде орталықта жүрек ауруларының барлық түрлерімен науқастарды емдеу жүзеге асырылуда, – деді облыстық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Жаров.

Өз кезегінде Бақытжан Жұмағұлов дәрігерлермен кездесу барысында 2019 жылдың 26 желтоқсанында бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттары жөнінде пікір алмасып, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілуі туралы әңгімелеп берді. Дәрігерлер өңірде әлі де болса өзектілігін жоймай отырған кадр тапшылығы, тұрғын үй және жалақы жөнінде мәселелер көтерді. Халық қалаулысы қозғалған сұрақтарды өзінің тікелей бақылауына алатынын жеткізді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img