Астрахан ауданындағы халық көп шоғырланған елдімекендердегі мектептер мен медпункттер қайта жөнделеді. Бұл жөнінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз жиынында аудан әкімі Нұрлан Сейілов мәлімдеді,-деп хабарлайды Aqmola news ақпарат агенттігі.
Өткен жылмен салыстырғанда ауданның негізгі капиталының инвестиция көлемі 4,9 миллиард теңгеге артып, бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асқан. Аудан жылдан жылға көркейіп дамып келеді. Тұрғындардың орташа айлық жалақысы 122 173 теңгені құрайды.
Қазіргі таңда ауданда жалпы саны 31 мектеп және 27 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істеуде. Былтырғы жылы Есіл орта мектебінің жөндеу жұмысына республикалық бюджеттен 153,4 миллион теңге бөлініп, мектеп толық қанды қалыпқа келтірілген. Алдағы 2020 жылы № 4 Жалтыр орта мектебін қайта жөндеу жұмысы қолға алынбақ. Сонымен қатар Колутон орта мектебі де жөнделіп, жас ұрпақтың игілігі үшін пайлануға берілмек. Аталған мектептерді қалыпқа келтіруге облыстық бюджеттен 9 миллион теңге, аудандық бюджеттен 13 миллион теңге бөлініп отыр,-дейді аудан әкімі.
4307 адам тұрғыны бар Жалтыр аулындағы дәрігерлік амбулаториясын жөндеу күн тәртәбіндегі тұрған мәселе. Аталған амбулатория басқа да 6 елдімекеннің тұрғындарына медициналық қызмет көрсетіп келеді. Мекемені жөндеуге 2018 жылы мемлекеттік эксперт сараптамасы жүргізіліп, 133,8 миллион теңге қаражатының жобалық-сметалық құжаты әзірленген болатын. Бұл мәселе 2019 жылда да жан-жақты қарастырылды. Өкінішке орай халықтың пайдасына жарап отырған амбулатория әлі жөндеуден өткізілмеді. Первомойка ауылындағы дәрігерлік амбулаториясының жылу жүйелері толықтай ауыстырылды.
Аудандағы басқа да медпунктерге жыл сайын косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізіліп тұрады.