spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

АӘК берудің 2020 жылдағы өзгерістері

Сондай-ақ...оқыңыз

Елімізде жыл басынан бастап көп балалы отбасыларға арналған әлеуметтік көмекті төлеудің жаңа форматы енгізілді. Бағдарлама негізінен үш бағытта жұмыс істейтін болады. Бұл туралы өңір тілшілерімен кездесу барысында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Дина Ахметжанова мәлім етті,- деп хабарлайды Aqmola news ақпарат агенті.

Бұқаралық ақпарат құралдарына келіп түскен мәліметтерге қарағанда жыл басынан әлеуметтік жәрдемақы 182 мың адамға берілген. Бірінші бағыт бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын кірістеріне қарамастан 4 және одан да көп балалы отбасыларға төленетін болады. Ақмола облысында барлығы 7514 көпбалалы отбасы аталған әлеуметтік көмекке ие болмақ. Келесі әлеуметтік көмек беруде жәрдемақы нақты көмекті қажет ететін адамдарға берілуі мақсат етілген. Сонымен қатар әлеуметтік көмек алатын отбасылардың еңбекке ынталандыруы да қамтамасыз етіліпті.

– Атаулы әлеуметтік көмектің негізгі көздеген мақсаты қиын жағдайда қалған отбасыларды қолдауға бағытталған уақытша көмек болып табылады, – дейді басқарма басшысы Дина Ахметжанова.

Сондай-ақ, жиын барысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес бос жұмыс орындарына жұмысқа қабілетті азаматтарды орналастыру, кәсіби және техникалық дағдыларға, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, арнайы гранттар мен несиелер алу, қоғамдық жұмыстарға және жастар іс-тәжірибесіне жолдау қарастырылған. Аталған бағдарламаға сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 2784 адамды жұмыспен қамту жоспарланыпты. Айта кететін жайт егер әлеуметтік көмек алатын отбасы жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда атаулы көмектен бірден ажыратылатын болады.

Сонымен қатар осы жылы алғаш рет денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, тұрмысы төмен отбасыларына физиологиялық нормалар бойынша 1 жастан 3 жасқа дейін және 3 жастан 6 жасқа дейін кепілдендірілген әлеуметтік пакет қарастырылған. Аталған көмек азық-түлік және гигиеналық құралдар түрінде берілмек. Көпбалалы отбасылар азық-түлік жиынтығын ай сайын, ал гигиеналық құралдарды тоқсан сайын қажетті мөлшерде алып тұратын болады. 2020 жылдың басынан бастап әлеуметтік қызмет порталы да іске қосылған. Мұнда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 5 бірдей қызмет көрсетілетін болады. Сондай-ақ оңалтудың 24 техникалық құралдарымен

қамтамасыз ету және әлеуметтік арнайы қызмет көрсетулер сандық жүйеге көшкен.

Кездесу барысында журналисттер тиісті сұрақтарын қойып, сала басшыларына жауап алды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img