spot_img
Жексенбі, Сәуір 20, 2025
9.7 C
Kokshetau

Абайды танымаған адам, өзін танымайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Биыл қазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбайұлының 175 жылдығының тойлануы жоспарлануда. Барша қазақ елі үшін бұл үлкен мерейтой. Абай атамыздың өлеңдері әрбір қазақ баласын білім нәрімен сусындатып келе жатыр. «Абайды танымаған адам, өзін танымайды» – деген Мағжан Жұмабаев атамыз. Шынымен де, хакім Абайды танымау, оның өмірбаяны мен шығармашылығын білмеу мүмкін емес деп ойлаймын. Абайды тек қазақ халқы ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлем танитынына сенімдімін. Абай туралы айта берсең бірнеше томдық кітап жазуға болады.
«Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы мен Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы аясында мерекелеуді ұйымдастыру жөніндегі мәселені пысықтасын. Абай қоғам құру идеясын көтерген. Демек, Абайдың көзқарастары ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамы және оның береке-бірлігі үшін аса құнды. Хакім Абайдың ұстанымдары өркениетті мемлекет қағидаларымен үндеседі. Заң үстемдігі, биліктің ашықтығы мен халық алдында есеп беруі жоғары деңгейде болып, мемлекет ісіне азаматтық қоғам өкілдері белсене араласқан жағдайда ғана әділеттілік берік орнығады» – деп атап өтті ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев. Бұл деген Президентіміздің осы мерейтойға аса құрметпен қарағаны деп білемін.
Сонымен қатар, Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смаилов 175 жылдық мерейтой аясында, Абай атамызға арнап ескерткіш салынатынын жария етті. Шын жүректен биылғы осындай республикалық көлемді мерейтоймен барша қазақстандықтарды құттықтаймын.

Ақмола облысы жастар-ресурстық
орталығының басшысы –
Анаргүл Белгібаева

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика