spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы – дамуымызға даңғыл жол ашатын мереке

Сондай-ақ...оқыңыз

Босағамызды аттаған жаңа 2020 жылдың жүректерге үміт ұялатар айтулы оқиғаларының бірі – ғұлама ойшыл, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы өй- өрісімізді кеңейтіп, рухани қазынамызды дамуымызға даңғыл жол ашатын  мереке. Бұл шараны жоғары деңгейде өткізу  елдігімізге сын болмақ.

Қазақстан  Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласы санамызға тың серпіліс беріп, жігерімізді ұштай түсуде. Мемлекет басшысының  сөзімен айтқанда, ұлы ақынның шығармалары бүгін де өзектілігін  жоғалтқан жоқ. Абайдың өй-тұжырымдары баршамызға  қашанда рухани азық бола алады.

Мен де Абайдың еңбектерін оқып өскен ұрпақпын. Сондықтан ұлы тұлғаның өміріне, шығармаларына  құрметпен қарай отырып, мектептерде, еңбек ұжымдарында Абай жырларын оқу челленджісін  жаңаша сипатта жалғастыру керек. Ақмола облысының  орталығы- Көкшетау қаласының басты көшесі  Абай есімімен аталады. Мәдениет мекемелері, зиялы қауым өкілдері, студент жастарды қатыстырып көше тойын өткізуді ұсынамын.  Мүмкіндікті пайдалана отырып, Абайдың туған еліне арнайы мәдени экспедиция шығару қажет.

Абай өз өлеңдерінде, қара сөздерінде  елді бірлікке, адалдыққа,  білімге, еңбек етуге шақырды. Осы өсиеттерді жадымызда берік ұстайық.

Шияп Әлиев,
Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің  төрағасы

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img