spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Жаппай Онлайн кассалық аппараты қажетпе?

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы кәсіпкерлерінің 90 пайыздан астамы онлайн бақылау-кассалық машинаға ауысты. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Әлия УТЕКИНА айтты, деп хабарлайды Aqmola news ақпараттық агенттігі.

2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, қолма-қол ақшамен есеп айырысатын кәсіпкерлер онлайн бақылау-кассалық машинаға ауысуы тиіс. Ғаламтор торабынан тыс жерлердегі салық төлеушілерге талап қойылмайды. «Бүгінгі таңда облыстағы бизнес өкілдерінің 90 пайыздан астамы онлайн бақылау-кассалық машина сатып алды. Аппараттың құны 60 мың теңге шамасында. Онлайн кассалық машинасын барлығы 660 түрлі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлер қолдануға тиіс», – дейді Ә.Утекина.

Көкшетау қаласының орталық базар маңындағы саудагерлердің біразы бұл талапқа өз қарсылықтарын білдірді.

Қырғыз Республикасынан мата тасымалдаушы , саудагер Самалбек: (аты жөні өзгертілді)

Өз басым бұрынғы жүйені қолайлы деп есептеймін. Аппаратты сатып алуды да өзімізге міндеттеді. Бұл заңға сәйкес болғанымен кімге қаншалықты шығын екенін білмеймін. Біз енді тұтынушыға чек беруге міндеттіміз.

Азық түлік бөлімінің сатушысы, Гүлнәр:

Кассалық аппарат базарға керек нәрсе емес. Бұл супермаркет емес. Қазір бүкіл жерде кассалық аппарат талап етілуде. Қазір онсыз да сауда жоқ. Ал кассалық аппараттың бағасы өте қымбат. Халықтың жағдайы өздеріңізге мәлім ғой…

Ағымдағы жылы арнайы салық жүйесін қолданатын кәсіпкерлерге арналған жеңілдіктер де қарастырылған көрінеді. Бизнес құрылым өкілдерінің осы санатына салық төлеу кезеңінде жеке кіріс салығын азайту түрінде жеңілдіктер бар. Оның көлемі салынған салықтың 50 пайызынан аспауы тиіс. Салық кодексінде үш компоненті біріктірілген жүйені сатып алу үшін жеке кіріс салығы сомасын азайту ұсынылған.

Үш компоненті біріктірілген жүйесіне онлайн бақылау-кассалық машина, қолма-қол емес төлемдер жасайтын құрылғы (POS-терминал), сондай-ақ, тауарларды есепке алудың автоматтандырылған (ERP-жүйесі) кіреді.

Аталған жүйе жеке кәсіпкерлердің салықтық міндеттемелерін орындауға және есепке алуды жеңілдетеді. Бұл жағдайда жеңілдіктер 2019 жылдан 2021 жыл бойы күшінде болады», – деп толықтырды Ә.Утекина.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы аумағында рұқсат етілген онлайн бақылау-кассалық машинаның баламасы онлайн-касса web нұсқасының қосымшасы да қарастырылған. Бұл ретте салық төлеушінің өзіне қажетті касса моделін таңдауда құқығы бар.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img