spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-9.8 C
Kokshetau

Ермек Маржықпаев мердігерлерге: «Өздеріңіз өздеріңізге өндірістік жұмыстар кестесін салып алғансыздар»

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірде «Ауыл – Ел бесiгi» арнайы жобасы жүзеге асырылу барысын ерекше бақылауда ұстап отыр. Өңір басшысы елді мекендердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы мен әлеуметтік объектілерін дамытуға бөлінген қомақты мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану қажеттігін әрдайым айтып отырады, сонымен қатар жергілік орындарына барып жұмыстардың қалай жүргізіліп жатқанын тексеріп тұрады.

Кеше Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен осы бағдарлама бойынша 1,3 млрд теңгеге үш жоба жүзеге асырылып жатқан Аршалы кентінде болды. Өткен айда ғана облыс әкімі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы, №2 орта мектептің күрделі жөндеуі, сондай-ақ көше-жол желісін жақсарту жұмыстарының басталуымен танысу үшін аудан орталығында болған.

Бүгінгі таңда мектепте терезе блоктары орнатылған, қасбетінде жұмыстар жүргізілуде, инженерлік желілері мен төбесі түгел ауыстырылады. Мектеп 1964 жылы салынған. Енді міне, 56 жылдан кейін қайта жаңғырады. Күрделі жөндеу кезеңіне мектеп оқушылары Жұмабек Ташенов атындағы мектепке ауыстырылған. Екі мектептің оқушыларын оқыту екі ауысымда ұйымдастырылған. Ермек Маржықпаев жұмыстарды тездетуді және суық түскенше жұмыстардың негізгі түрлерін ақтауды тапсырды.

Орталық көшелердің 7 километрінде асфальт төселіп, шұңқырлары тегістелген, көше сызықтары салынып, автобус аялдамалары мен көше белгілері орнатылған. Облыс әкімі келесі жылға кентте заманауи тратуарлардың құрылысын салуды жоспарлауды тапсырды.

Өңір басшысының дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының баяу қарқынына көңілі толмады. «Өздеріңіз өздеріңізге өндірістік жұмыстар кестесін салып алғансыздар. Тездету керек және ауа райын байқап отыру керек», – деді ол.

Сонымен қатар, Ермек Маржықпаев қазірдің өзінде көпқабатты үйлер қосылған жаңа қазандықты қарап шықты.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img