spot_img
Бейсенбі, Наурыз 12, 2026
-0.8 C
Kokshetau

«Щучинский МПК» ЖШС ұжымы республикалық референдумды қолдайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бурабай ауданындағы «Щучинский МПК» ЖШС ұжымы Жаңа Конституция жобасы бойынша өтетін республикалық референдумды қолдайтынын білдірді. Кәсіпорын ірі қара мал етін өңдеу және ет өнімдерін консервілеу саласында жұмыс істеп, өңірдің тамақ өнеркәсібін дамытуға үлес қосып келеді.
Бүгінде кәсіпорын жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып, сапалы өнім өндіру арқылы өңір экономикасының дамуына ықпал етуде. Заманауи өндірістік технологияларды енгізу арқылы кәсіпорын өнім сапасын арттырып, ішкі нарықтағы сұранысты қамтамасыз етіп отыр. Ұжым жаңа конституциялық өзгерістер экономикалық тұрақтылықты нығайтып, өндірістік саланың дамуына оң әсер етеді деп сенеді.
«Мемлекет дамуы үшін әр азаматтың белсенді ұстанымы маңызды. Біздің ұжым референдумды қолдайды, себебі ол еліміздің болашағын айқындайтын маңызды қадам деп санаймыз», – деп атап өтті кәсіпорын басшысы Юлия Косолапова.
Бурабай ауданының еңбек ұжымдары ел болашағы үшін қабылданатын шешімдерге жауапкершілікпен қарау әр азаматтың парызы екенін айтты.

 

Фото: Өңірлік коммуникация қызметі

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 125 пәтердің кілті табысталды

Көкшетау қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Қоныс тойын тойлаушыларға төрт жаңа...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика